Басты жаңалық

Индонезияның жаңа президентінің есімі белгілі болды

The final spritzer

Индонезияның жаңа президентінің есімі белгілі болды

Индонезияда президенттік сайлауда Джакартаның губернаторы Джоко Видодо жеңіске жетті.

Сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін ресми түрде жариялап, 53 пайыз жинаған Видодо жеңіске жеткенін мәлім етті. Сайлаудың ресми мәліметтерін жариялауға бірнеше сағат қалғанда оның бәсекелесі генерал Прабово Субианто сайлауалды тартыстан шығатындығын айтқан. Өз кезегінде Субианто дауыс беру нәтижесімен келіспейтіндігін, санақ барысында заң бұзушылықтар орын алғандығын алға тартуда.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.