Франция президенті үйленбекші
Франция президенті үйленбекші
Француз бұқаралық ақпарат құралдары президент Франсуа Олландтың актриса Жюли Гайемен үйлену тойын асыға күтуде.
Республика президенті өзінің көңілдесі актриса Жюли Гайемен арадағы байланысын тамыздағы демалысы кезінде заңдастырмақшы. Оның демалысы 5 тамызда басталып, он күнге созылмақшы. Ал жұптың демалысты қай жерде өткізетіні белгісіз. Президенттің 12 тамызға таңдауы бекер түсіп отырған жоқ, деп есептейді журналистер: дәл осы күні Франция президенті 60 жылдығын атап өтпек.