Қытайда халықтың 83,4 пайызы ұялы интернетті пайдаланады
Қытайда халықтың 83,4 пайызы ұялы интернетті пайдаланады
China Internet Network Information Center (CNNIC) «Қытай интернетінің дамуы туралы статистикалық есепті» жариялады. Онда 2014 жылғы маусымда қытайлық интернет-пайдаланушылар саны 632 млн. адамға жеткені көрсетілген. Бұл 2013 жылғыдан 14,5 млн. көп. Соның ішінде ұялы интернетті пайдаланушылар саны 527 млн. адамға жетті, бұл бұдан бір жыл бұрынғыдан 26,99 млн. адамға көп. Ұялы интернетті пайдаланушылар үлесі пайдаланушылардың жалпы санының 83,4 пайызына жетті, сөйтіп алғашқы рет дәстүрлі дербес компьютер пайдаланушылардан (80,9 пайыз) асып түсті.