Қазақ қызы — ең сұлу спортшы
Қазақ қызы — ең сұлу спортшы
Тайпейде өткен әйелдер арасындағы волейболдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшы турнирдің сұлу аруы атанды.
17-рет өткізіліп отырған турнирдің ұйымдастырушылары Сабина Алтынбекованы хас сұлу деп таныпты. «Сабинаның бойы 182 сантиметр, аяқтары ұзын, сүйкімді, күлкісі әдемі. Ойынымен болмаса да көркімен көрермен назарын жаулады» деп жазады chinatimes.com сайты. Taipei Municipal University ұйымдастырған жарысқа 15 команда қатысты. Қазақстан В тобында Қытай, Вьетнам, Жаңа Зеландиямен бірге өнер көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан волейболшылары 7-орынға қол жеткізді.