«Сенім телефонына» сенім жоқ па?
«Сенім телефонына» сенім жоқ па?
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыс бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары бойынша семинар болып өтті. Басқосуды мекеме басшысы Мүсілім Қасымов ашып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде департаментте сыбайлас жемқорлық сипаттағы іс-әрекеттердің алдын алу және оған жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл аударылатынын тілге тиек етті. Мекеме тарапынан құқықтық және ақпараттық оқу бойынша бекітілген жоспарға сәйкес бес дәріс өткізіліпті. Сонымен қатар департамент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатымен «Сенім телефоны» жұмыс істеуде. Бүгінге дейін «Сенім телефонына» арыздар түспеген және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзу фактілері тіркелмеген.
Семинарда облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полиция) бөлім бастығы Мақсат Байдалиев, облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің инспектор – консультанты Сенімхан Жексенбаев сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың мемлекет беделі мен экономикалық дамуына тигізер залалы, осы санаттағы қылмысқа жол бергендердің жазасыз қалмайтындығы туралы ойларымен бөлісті.
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ,
«Ақ жол».