Спорт және туризм

Головкин Гроувспен спарринг өткізді

The final spritzer

Головкин Гроувспен спарринг өткізді

26 шілде күні австралиялық Дэниэл Гилге қарсы өткізетін кездесуінің қарсаңында Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына үміткер болған 26 жастағы британдық Джордж Гроувспен спарринг өткізді. Генаның бапкері Абель Санчестің айтуынша, бұл жекпе-жектің берер жемісі мол. «Гроувспен спарринг өте жақсы өтті. Ол – өте мықты боксшы. Джордж дайындық кезінде Геннадиймен 3-4 күн бойы 4 раундтан жұдырықтасып отырды. Ол бізге көп көмектесті, сол үшін оған айтар алғысымыз шексіз», – дейді Абель Санчес.