29 жекпе-жектің 26-сын нокаутпен аяқтаған Головкин
29 жекпе-жектің 26-сын нокаутпен аяқтаған Головкин
WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қазан немесе қараша айына жоспарлап отыр. «Менде қазір бәрі жақсы. Кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Қарсыласым Дэниэл Гил — бұрынғы Әлем чемпионы, өте қауіпті қарсылас. Мен Madison Square Garden шаршы алаңында жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Сондай-ақ, келесі кездесуімді Мигель Котто немесе Канело Альвареске қарсы өткізгім келеді. Кездесу күз айында өтуі мүмкін», — дейді Геннадий Головкин. Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні өтетін Дэниэл Гил мен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Орта салмақта WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин келесі қарсыласы аустралиялық Дэниэль Гил 12 раунд бойы аяғында тұра алады дегенге күмәнданып отыр. Екі боксшының арасындағы жекпе-жек 27 шілдеде таңертең Нью-Йорк қаласында 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өтпек. Геннадий Головкиннің айтуынша, бұл кездесу оған сынақ болмақ. «Бұл мен үшін жақсы сынақ, бірақ мен ол 12 раундқа жалғасады деп есептемеймін», — деді Головкин. Еске салайық, 2008 жылдан бері қазақстандық боксшының алдына келген бірде-бір боксшы соңғы раундқа дейін жетпеген. 29 жекпе-жектің 26-сы нокаутпен аяқталды. Головкин-Гил жекпе-жегін қазақстандық көрермендер KazSport пен «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Ақпарат көзі: www.alaman.kz