Жаһан

Қазақстандағы ең ірі жылыжай алғашқы өнімін жинады

Қазақстандағы ең ірі жылыжай алғашқы өнімін жинады

Қазақстандағы ең үлкен «Аделя» шаруа қожалығының жылыжайы алғашқы өнім жинау науқанын аяқтады. Оның құрылысына «ҚазАгро» Ұлттық холдингі арқылы 2 млрд. 187,7 млн. теңге инвестицияланған болатын. Бұл - Қазақстандағы ең ірі жоғары технологиялы жылыжай кешені, ауданы 11 га жерді құрайды. Осы территорияның он гектары көкөніс егуге арналған, ал 1 га жерінде көшет отырғызып, оны жылыжайда қолданады. Жүзден астам маман жабық топырақта көкөніс өсірумен аналысады, олардың көбісі жұмыс орнында көкөніс өсіру жылыжай технологиясына оқытылған. Сонымен қатар, мұнда арнайы мамандарды дайындау сұрақтары шешілуде. Алғашқы уақытта Голландиядан агрономдарды шақыру қажеттілігі де болған. Жылыжай кешені үшін агроном табу – үлкен мәселе екен. Кәсіпорын басшылары колледж түлектеріне үлкен көңіл бөліп, көкөніс өсіру жылыжай жұмысын білетін студенттерді оқу бітірген соң жұмысқа алып, өз мамандарын дайындады. Ордабасы ауданы Бадам ауылының маңында орналасқан жылыжай бірінші маусым жұмыс істеуде, оның өнімі – қияр – «ЭКО» сертификатын алды. - Біздің өнімімізде «ЭКО» белгісі тұр, бұл біздің көкөністің тазалығы мен қауіпсіздігін куәландырады. Мұндағы қиярлар топырақсыз өседі. Әр өсімдік өзінің жеке кокос талшықтарынан жасалған контейнерде өсіріледі. Суды ең алдымен біз тазалаймыз, содан кейін адам ағзасына зиян келтірмейтін қажетті минералды қоспалардың барлығын қосып, көкөністерді суарамыз. Көкөніс егу кезінде қолданатын технологиялар суды, тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді - дейді кәсіпорын директоры Людмила Ковченко. Шығындар өзін ақтайды, себебі жобаның негізінде Қазақстан тұтынушыларын маусымаралық кезеңде арзан, әрі сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету. Жылыжай кешенінің өндірістік қуаттылығы жыл сайын 3040 тонна қияр мен сонша қызанақты құрайды. Өнімдері еліміздің барлық аумақтарында сұранысқа ие. Бұл кешеннің бірегейлігі тек оның ауқымында емес, сонымен қатар, технологиялық құрылысында. «Аделя» ШҚ басшысы Әбдіәшім Наль Қазақстанда бірінші болып RICHEL Serres de France (Франция) француз компаниясымен жұмыс істей бастады. РЕ-қабықшасымен қапталған жылыжай дәстүрлі технологияны қолданған қаптамадан екі есе қымбат. Дегенмен, нәтиже де әлдеқайда жоғары. Ондай жылыжайдың биіктігі 8,5 м-ге дейін жетеді, сәйкесінше ауа көлемін ұлғайтады. Вентиляциядан бөлек жылыжай кешені жылыту жүйесімен де ерекшеленеді, ол отын ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл Қазақстандағы тек ірі жылыжай ғана емес, сонымен қатар, ең жоғары технологиялы болып табылады. «ҚазАгроҚаржы» тек Оңтүстік Қазақстан облысында өндірістік типтегі жылыжай кешендері құрылысы бойынша 6 ірі жобаны іске асыруда. Қаржыландырудың түрлі көздерінен тартылған интенсивті қаржыландырудың арқасында аймақта өткен жылы жылыжай ауданын 155,0 га жерге нығайтып, 720 га жерге жеткізілді. Онда 150 мың тонна көкөніс өндірілді. Республикамызда оңтүстік өңірдің жабық топырақта көкөніс өсіру бойынша үлесі 87 пайызды құрайды. Мұндай көрсеткішке жету мемлекеттік қолдаудың арқасында, ал бұл «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің басымдық бағыттарының бірі болып табылады.