Экономика

Қазақстанда 30 мың адам ипотекалық несиелерді төлеуге қауқарсыз - Қ. Келімбетов

Қазақстанда 30 мың адам ипотекалық несиелерді төлеуге қауқарсыз - Қ. Келімбетов

Қазақстанда 200 мың адам ипотекалық  несие  алған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. «2007-2014 жылдары 200 мың адам ипотекалық несиелерді алды. Солардың ішінде 30 мың адам бұл несиелерді төлеуге қауқарсыздық танытуда. Сондықтан бұл біз үшін үлкен мәселе», - деп тоқталды ҰБ басшысы. Қ. Келімбетовтің сөзіне қарағанда, Ұлттық банк осы бағыттағы проблемаларды шешу үшін тиісті жұмыстарды екінші деңгейлі банктермен бірлесе атқарып жатыр. «Осы мәселенің шешімін тапқан жағдайда оны сіздерге хабарлайтын боламыз. Алайда, бұл проблеманы шешудің  жеңіл жолын көріп тұрғанымыз жоқ», - деді ол.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz