Жаһан

Қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар үшін ұялы байланыс тегін болмақ

Қыркүйектен бастап оқушылар мен ата-аналар үшін ұялы байланыс тегін болмақ

Қыркүйектен бастап «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымына мүше мектеп оқушылары үшін ұялы байланыс тегін болады. Бүгін Астанада аталмыш ұйым мен «Кар-Тел» ұялы байланыс операторы арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Ұйым басшысы Данияр Шәміловтің айтуынша, «Жас Ұланға» ел бойынша 1,5 млн. мектеп оқушысы мүше болып табылады. Енді олардың барлығы «Билайн» ұялы байланысымен қамтамасыз етілмек. «Тарифке келетін болсақ, ол желі ішінде тегін болады. Өзге операторларға қоңырау шалу төмен бағамен жүзеге асырылады. Интернетке кіру өте арзан, ал ең танымал әлеуметтік желілерді пайдалану тіпті тегін», - дейді ол. Бұл бастаманы «Жас Ұлан» белсенділері ойлап тауыпты. «Билайн» желісінің басшылығы болса, бұны жерде қалдырмай, өз деңгейінде қолдаған. «Билайн» ұсынған арнайы тарифтері бар нөмірлер әрбір мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының бөлімшелері арқылы барлық мүше оқушыларға және олардың ата-аналарына тегін таратылады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz