Спорт және туризм

Илья Ильин қатыспаған салмақ дәрежесінде Алмас Өтешов алтыннан алқа тақты

Илья Ильин қатыспаған салмақ дәрежесінде Алмас Өтешов алтыннан алқа тақты

Ауыр атлетикадан Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған турнирге Ұлтты құрама спортшыларының түгелге дерлігі қатысқаны белгілі. «2013 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Алмас Өтешов бұл жолы 105 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, алтыннан алқа тақты», деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Алмас жалпы есеп бойынша 395 келіні көтеріп, Жамбыл облысының өкілі И.Момынбековтен 15 келіге артық орындады. Ол серпе көтеруде 175, жұлқа көтеруден 220 келіні бағындырды. Бұл жолы Илья Ильин басқа салмақта сынға түскендіктен Алмастың мүмкіндігі артқаны белгілі. Мамандар Өтешовтің алар асуы алда екенін айтады.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz