Экономика

Жолдауды қолдау – жүктелген міндет ті орындау

Жолдауды қолдау – жүктелген міндет ті орындау

Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы еліміздің алдағы басымдыққа ие бағыттарын айқындап қана қоймай, әрбірімізге нақты міндет-межелер жүктеуде. Қазақстан өзінің үшінші жаңғыруын бастады. Бұрын көл-көсір мұнай мен басқа да шикізаттарды өндіретін еліміздің өндірісі мен өнеркәсібі ендігі жерде әлемнің дамыған мемлекеттеріндегідей заманауи технологияларды меңгеріп, өсімнің жаңа мүмкіндіктерін қарастыруы қажет. Бұл өз кезегінде әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына кіруімізге жол ашпақ. Жолдаудағы он міндеттің ішінде мемлекеттік органдармен бірге Үкіметке бизнес-климатты жақсартуды және оны көлеңкеден шығарудың жаңа тәсілдерін ойластыру да бар. Бұл, әрине, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің артуына даңғыл жол ашып, халықтың өз бетінше табыс табуына бастау деген сөз. Осы және басқа да Жолдау талаптарына сай өткен 6 айды ойдағыдай қорытындылаған Тараз қаласы кірісшілерінің ілкімді істері көңіл тоғайтарлықтай. Басқарма есепті кезеңде мемлекеттік бюджеттің жоспарын 111,4 пайызға асыра орындады. Негізгі болжам сомасы – 17362,3 миллион теңге болса, нақты түсім 19337,4 миллион теңгені құрап, жоспар 1757,6 миллион теңгеге артығымен орындалды. Республикалық бюджетке белгіленген сома – 6158,7 миллион теңге болса, нақты түскені – 6777,2 миллион теңге немесе 110 пайыз болды. Жергілікті бюджет 112,1 пайызға орындалып отыр, яғни белгіленген болжам сомасы – 11203,6 миллион теңге болса, нақты түсім – 12560,2 миллион теңге. Есепті кезеңде жергілікті бюджеттен 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны – 116,8 пайыз немесе 1805,6 миллион теңгеге артқан. Облыстық бюджет пен қалалық бюджеттің болжам сомалары да толығымен орындалды. Бұл нәтижелерге қол жеткізу 2017 жылмен салыстырғандағы мемлекеттік кірістер органдарына тіркеу есебіне қойылған шағын кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі мен қосымша резервтерді анықтау нәтижесінде мүмкін болып отыр. 2018 жылдың 1 жарты жылдығына Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында – 7815 заңды тұлға және 26028 жеке кәсіпкер тіркеуде тұр. 2018 жылдың 1 шілдесіне берешек сома мөлшері – 2274 миллион теңгені құрады, жыл басымен салыстырғанда берешек соманың мөлшері –11,8 пайызға төмендеді немесе 267,7 миллион теңгеге қысқарды. 2018 жылдың 1 жарты жылдығына жалпы қабылданған салық есептілік нысанының саны – 81836, оның ішіндегі 750-і пошта және қағаз тасығыш, 81086-сы электронды түрде тапсырылды. Бұл, әрине, қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласының Жолдау талабына сай сандық қызметті қарқынды меңгергендігін байқатады. Өткен жылдың 25 желтоқсанында арнайы заңмен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген жаңа Салық кодексі кезең-кезеңімен іске асырылуда. Жыл басталысымен жаңа заңнаманы түсіндіру жұмыстары кірістер органдары тарапынан да қарқынды жүргізілуде. Бұл жаңа құжаттың негізгі мақсаты – адал салық төлеушінің мүддесін қорғап, экономикамыздың түрлі секторларын ынталандыру және өз ісіне адал кәсіпкерлердің жұмысына қолдау көрсету екені белгілі. Ондағы жаңа саясат: салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және бизнесті түрлі кедергілерден босатып, бақылауларды қысқарту идеологиясына топтастыру болып табылады. Ал идеология адал салық төлеушілердің мүддесін қорғауға бағытталуда. Біріншіден, барлық анықталмаған келеңсіздіктер мен басқа да түсініксіз жайттар салық төлеушінің пайдасына шешілетін болды. Бұл шешім, салық төлеушілерге қатысты салықтық даулардың әділ шешілуіне жол ашады. Бұрын-соңды мемлекет тарапынан салық төлеушілерге мұндай қолдау болған емес. Екіншіден, ақырында пікірі өзгерген, мемлекеттік кірістер органдарының түсіндірмесіне сәйкес әрекет еткен салық төлеушіге ешқандай айыппұл мен өсімпұл салынбайтын болды. Үшіншіден, ендігі жерде қосымша есептеулерге деген түсіндірме талап күшейді. Салықтық тексерулердің актісінде де тиісті дәлелдемелер болуы талап етіледі. Төртіншіден, жыл бойына көптеген түзетулерден қорғалады. Барлық түзетулер бір заңнамамен шоғырландырылатын болды. Бұл бизнеске, Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар болуларына мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режімдерін сақтап қалу ұсынылып, ол өзгеріссіз қалды. Бұған қоса баламалы жаңа тәртіп ұсынылған. Ол – тиянақталған шегерім тәртібі. Бұл айналымы жоғары, бірақ пайда түсімі төмен кәсіпкерлер үшін пайдалы. Олардың өздерінің жарты түсімдерін растаусыз-ақ шегеруге мүмкіндіктері бар. Ал егер, шығындарының есебін жүргізетін болса, сол шығындарын растағаны үшін үстемақы да алады. Салық төлеушілерге тәртіп түрін таңдауға құқық берілген. «Жеңілдетілген декларация» тәртібі үшін жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға кіріс мөлшері бірдей күйінде қалады. Ал патент тәртібі үшін ставка 2 пайыздан 1 пайызға төмендетілді. Бұл міндетті медициналық-әлеуметтік сақтандыру мен міндетті зейнетақы жарналарының ұсталымын енгізу барысындағы салықтық есептілік жүктемесін жеңілдетуге бағытталып отыр. Қарапайым халыққа қажетті салық бойынша өзгерістерден бастар болсақ, мүлік және жер салығы енді жыл қорытындысы бойынша төленеді. Мысалы 2017 жылға қалыптасқан салықты 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұрын жылдық салықты, сол жылы төлейтінбіз. Халық үшін бұл ыңғайлы. Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде интернет-сауда үшін де жаңа жеңілдіктер қарастырылып отыр. Заман талабы ғой, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы сауда жасап жатқандар электрондық алаңға көшсе, онда табыс салығын төлемейтін болады. Ол үшін мәмілелердің барлығы электрондық нысанда рәсімдеу және тауарлар үшін төлеу ақысын қолма-қол ақшасыз, электронды төлеммен жүргізу қажет. Тауарлардың электрондық саудасынан түсетін кірістер ЖЖТ кем дегенде 90 пайызын құрауы қажет. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін қарастыруды тапсырғаны белгілі. Бұл, әрине, өңірлердің дамуына үлесі зор жаңа тетік деп білеміз. Жолдаудың сегізінші міндетіндегі салықтың 7 түрі мен шығындардың 19 түрін жергілікті бюджетке беру туралы Елбасының тапсырмасы ауыл-аймақтың өз ахуалдарын өздері шешуге мүмкіндік беретіні анық. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы биылғы Жолдаудағы 9-міндетте атап көрсетілген сыбайластықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін болады. Бұл әрбір мемлекеттік органның өз ішінде тазарту жұмыстарын жүргізуі маңызды екенін ұқтырады. Әрбір мемлекеттік қызметкер мен азаматтың міндетті борышы да осы. Кенжеғазы ЕСЕМБЕКОВ, Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы еліміздің алдағы басымдыққа ие бағыттарын айқындап қана қоймай, әрбірімізге нақты міндет-межелер жүктеуде. Қазақстан өзінің үшінші жаңғыруын бастады. Бұрын көл-көсір мұнай мен басқа да шикізаттарды өндіретін еліміздің өндірісі мен өнеркәсібі ендігі жерде әлемнің дамыған мемлекеттеріндегідей заманауи технологияларды меңгеріп, өсімнің жаңа мүмкіндіктерін қарастыруы қажет. Бұл өз кезегінде әлемдегі озық отыз мемлекеттің қатарына кіруімізге жол ашпақ. Жолдаудағы он міндеттің ішінде мемлекеттік органдармен бірге Үкіметке бизнес-климатты жақсартуды және оны көлеңкеден шығарудың жаңа тәсілдерін ойластыру да бар. Бұл, әрине, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің артуына даңғыл жол ашып, халықтың өз бетінше табыс табуына бастау деген сөз. Осы және басқа да Жолдау талаптарына сай өткен 6 айды ойдағыдай қорытындылаған Тараз қаласы кірісшілерінің ілкімді істері көңіл тоғайтарлықтай. Басқарма есепті кезеңде мемлекеттік бюджеттің жоспарын 111,4 пайызға асыра орындады. Негізгі болжам сомасы – 17362,3 миллион теңге болса, нақты түсім 19337,4 миллион теңгені құрап, жоспар 1757,6 миллион теңгеге артығымен орындалды. Республикалық бюджетке белгіленген сома – 6158,7 миллион теңге болса, нақты түскені – 6777,2 миллион теңге немесе 110 пайыз болды. Жергілікті бюджет 112,1 пайызға орындалып отыр, яғни белгіленген болжам сомасы – 11203,6 миллион теңге болса, нақты түсім – 12560,2 миллион теңге. Есепті кезеңде жергілікті бюджеттен 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны – 116,8 пайыз немесе 1805,6 миллион теңгеге артқан. Облыстық бюджет пен қалалық бюджеттің болжам сомалары да толығымен орындалды. Бұл нәтижелерге қол жеткізу 2017 жылмен салыстырғандағы мемлекеттік кірістер органдарына тіркеу есебіне қойылған шағын кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі мен қосымша резервтерді анықтау нәтижесінде мүмкін болып отыр. 2018 жылдың 1 жарты жылдығына Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында – 7815 заңды тұлға және 26028 жеке кәсіпкер тіркеуде тұр. 2018 жылдың 1 шілдесіне берешек сома мөлшері – 2274 миллион теңгені құрады, жыл басымен салыстырғанда берешек соманың мөлшері –11,8 пайызға төмендеді немесе 267,7 миллион теңгеге қысқарды. 2018 жылдың 1 жарты жылдығына жалпы қабылданған салық есептілік нысанының саны – 81836, оның ішіндегі 750-і пошта және қағаз тасығыш, 81086-сы электронды түрде тапсырылды. Бұл, әрине, қазіргі уақытта кәсіпкерлік саласының Жолдау талабына сай сандық қызметті қарқынды меңгергендігін байқатады. Өткен жылдың 25 желтоқсанында арнайы заңмен 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген жаңа Салық кодексі кезең-кезеңімен іске асырылуда. Жыл басталысымен жаңа заңнаманы түсіндіру жұмыстары кірістер органдары тарапынан да қарқынды жүргізілуде. Бұл жаңа құжаттың негізгі мақсаты – адал салық төлеушінің мүддесін қорғап, экономикамыздың түрлі секторларын ынталандыру және өз ісіне адал кәсіпкерлердің жұмысына қолдау көрсету екені белгілі. Ондағы жаңа саясат: салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және бизнесті түрлі кедергілерден босатып, бақылауларды қысқарту идеологиясына топтастыру болып табылады. Ал идеология адал салық төлеушілердің мүддесін қорғауға бағытталуда. Біріншіден, барлық анықталмаған келеңсіздіктер мен басқа да түсініксіз жайттар салық төлеушінің пайдасына шешілетін болды. Бұл шешім, салық төлеушілерге қатысты салықтық даулардың әділ шешілуіне жол ашады. Бұрын-соңды мемлекет тарапынан салық төлеушілерге мұндай қолдау болған емес. Екіншіден, ақырында пікірі өзгерген, мемлекеттік кірістер органдарының түсіндірмесіне сәйкес әрекет еткен салық төлеушіге ешқандай айыппұл мен өсімпұл салынбайтын болды. Үшіншіден, ендігі жерде қосымша есептеулерге деген түсіндірме талап күшейді. Салықтық тексерулердің актісінде де тиісті дәлелдемелер болуы талап етіледі. Төртіншіден, жыл бойына көптеген түзетулерден қорғалады. Барлық түзетулер бір заңнамамен шоғырландырылатын болды. Бұл бизнеске, Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар болуларына мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салық режімдерін сақтап қалу ұсынылып, ол өзгеріссіз қалды. Бұған қоса баламалы жаңа тәртіп ұсынылған. Ол – тиянақталған шегерім тәртібі. Бұл айналымы жоғары, бірақ пайда түсімі төмен кәсіпкерлер үшін пайдалы. Олардың өздерінің жарты түсімдерін растаусыз-ақ шегеруге мүмкіндіктері бар. Ал егер, шығындарының есебін жүргізетін болса, сол шығындарын растағаны үшін үстемақы да алады. Салық төлеушілерге тәртіп түрін таңдауға құқық берілген. «Жеңілдетілген декларация» тәртібі үшін жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға кіріс мөлшері бірдей күйінде қалады. Ал патент тәртібі үшін ставка 2 пайыздан 1 пайызға төмендетілді. Бұл міндетті медициналық-әлеуметтік сақтандыру мен міндетті зейнетақы жарналарының ұсталымын енгізу барысындағы салықтық есептілік жүктемесін жеңілдетуге бағытталып отыр. Қарапайым халыққа қажетті салық бойынша өзгерістерден бастар болсақ, мүлік және жер салығы енді жыл қорытындысы бойынша төленеді. Мысалы 2017 жылға қалыптасқан салықты 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұрын жылдық салықты, сол жылы төлейтінбіз. Халық үшін бұл ыңғайлы. Сондай-ақ жаңа Салық кодексінде интернет-сауда үшін де жаңа жеңілдіктер қарастырылып отыр. Заман талабы ғой, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер арқылы сауда жасап жатқандар электрондық алаңға көшсе, онда табыс салығын төлемейтін болады. Ол үшін мәмілелердің барлығы электрондық нысанда рәсімдеу және тауарлар үшін төлеу ақысын қолма-қол ақшасыз, электронды төлеммен жүргізу қажет. Тауарлардың электрондық саудасынан түсетін кірістер ЖЖТ кем дегенде 90 пайызын құрауы қажет. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін қарастыруды тапсырғаны белгілі. Бұл, әрине, өңірлердің дамуына үлесі зор жаңа тетік деп білеміз. Жолдаудың сегізінші міндетіндегі салықтың 7 түрі мен шығындардың 19 түрін жергілікті бюджетке беру туралы Елбасының тапсырмасы ауыл-аймақтың өз ахуалдарын өздері шешуге мүмкіндік беретіні анық. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы биылғы Жолдаудағы 9-міндетте атап көрсетілген сыбайластықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін болады. Бұл әрбір мемлекеттік органның өз ішінде тазарту жұмыстарын жүргізуі маңызды екенін ұқтырады. Әрбір мемлекеттік қызметкер мен азаматтың міндетті борышы да осы. Кенжеғазы ЕСЕМБЕКОВ, Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.