Жаңалықтар

Тараз қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Тараз қаласы әкімінің 2018 жылғы 20 тамыздағы №290 өкімімен Ермек Серікұлы Қарабаев Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды “ZhambylNews” AA. width=

Ермек Қарабаев 1974 жылы туылған, білімі жоғары. 1995 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит-экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік басқару Академиясы Тараз филиалының  оқытушы болып бастаған. 1997-2002 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы; 2002-2003 жылдары «Валют-Транзит банк» ААҚ-ның Тараз филиалының  кассирі,қазынашысы; 2003-2013 жылдары Жамбыл облысы  әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, директордың орынбасары, басқарма басшысының орынбасары; 2013-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, аппарат басшысы қызметтерін атқарған.