Жаңалықтар

Көкшетауда Құрбан айт күні мүгедек анаға баспана берілді 

Көкшетауда Құрбан айт күні мүгедек анаға баспана берілді 

Көкшетауда Құрбан айттың бірінші күні мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты ана баспаналы болды. Екі бөлмелі пәтердің кілтін Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит айт намазының алдында мешіт жамағатының көзінше табыс етті. Көптен күткен арманы орындалған Гүлнар Хамзина – бірінші топтағы мүгедек. Ол осы күнге дейін екі баласымен бірге қалада пәтер жалдап келген болатын. Ал оларға берілген баспана, облыстық «Науан Хазірет» мешіті мен «Зекет» қайырымдылық қоры қолға алған «Ел үлесі пәтерге» атты халықтық жобаның жемісі. Айта кету керек, аталған жоба басталғалы бері осымен екінші пәтер мұқтаж отбасыларға көпшіліктің көмегімен сатып әперіліп отыр. Авторы: Дамир Берікұлы

24.kz