Әдебиет

Аяймын

The final spritzer

Аяймын

Демер бізді қай айбын, Жастығың ба, кәрің бе? О, аяймын, аяймын – Оларды да, бәрін де. Қыс жеткенше сақталған, Жапырақты аяймын. Табанымда тапталған, Топырақты аяймын. Өліп тынған көзімше, Құйынды да аяймын. Кісімсінген өзінше, Миымды да аяймын. Тақасуға – татымас, Жауымды да аяймын. Төрдегісі – қатынбас, Қауымды да аяймын. Бар санаға сіңе алмас, Шариғатты аяймын. Күніне мың құбылған, Жамағатты аяймын. Қонар басқа қонбаған, Бақытты да аяймын. Солқылдағын сомдаған, Уақытты да аяймын. Тұсындамын қай айдың, Мейірімділік – кең ұғым... О, аяймын, аяймын, Есіркердей мені кім?

Жуалы ауданы.