Басты жаңалық

Фин солдаты 20 сағат ауыз бекітуде

The final spritzer

Фин солдаты 20 сағат ауыз бекітуде

Фин әскерінде борышын өтеп жүрген мұсылмандардың өз діни ғұрыптарын өтеуге құқықтары бар.

Сантахамина әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген сомалилік Далха қасиетті рамазан айының оразасын ұстайды. «Рамазан – күллі мұсылмандардың мүбәрак айы. Сол себепті оразаны қаза жібере алмаймыз. Бұл Жаратушының әмірі және менің ерікті қалауым» дейді Далха бұл жайында. Ал, бас имам Далхаға әскери қызмет кезінде шектен тыс күш түскен жағдайда оразаны тоқтата тұруға болатынын ескерткен еді, алайда солдат тәулігіне 20 сағат нәр тартпастан шыдап келеді.