«Боинг-777» апатқа ұшыраған жерде ЕҚЫҰ өкілдеріне оқ жаудырылды» деді Порошенко
«Боинг-777» апатқа ұшыраған жерде ЕҚЫҰ өкілдеріне оқ жаудырылды» деді Порошенко
Кеше келісімге қарамастан ұшақ апатқа ұшыраған жерге келген ЕҚЫҰ (ОБСЕ) өкілдеріне оқ жаудырылды.
Бұл туралы Украина президенті Петр Порошенко Нидерланды сыртқы істер министрі Франс Тиммерманспен кездесуі кезінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы MH-17 ұшағының апатына байланысты Нидерланды халқына көңіл айтты. Президенттің айтуынша, ЕҚЫҰ өкілдері оқиға орнына келді. Кеше келісімге қарамастан ЕҚЫҰ мамандарына оқ жаудырылып, осылайша еуропалық сарапшылардың тексеру жұмыстарына кедергі келтірілуде.