Ресей мен Орталық Азия елдерінде бензин бағасы қымбаттауда
Ресей мен Орталық Азия елдерінде бензин бағасы қымбаттауда
Ресей мен Орталық Азия елдерінде соңғы күндері жанар-жағармай бағасы күрт қымбаттап кетті.
Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәжілісінде Қырғызстан мұнай тасымалдаушылары қауымдастығының атқарушы директоры Ұлан Құлов мәлім етті. «Қырғызстанда ЖЖМ бағасы түрлеріне қарай орта есеппен 2-3 сомға (0,06-0,08 долларға) қымбаттады», – деп мәлім етті ол. Оның айтуынша, бағаның қымбаттауына өндіруші зауыттардың өткізу бағасын өсіруі себеп болып отыр: өсім тоннасына 200 долларды немесе 1 литріне 0,15 долларды құрайды. Тәжікстанда да ЖЖМ бағасының өсімі 0,08 доллар төңірегінде. Тәжікстанның бірқатар аудандарында жанармай тапшылығы айқын сезілуде.