Жаңалықтар

Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінің билеттері үш минутта сатылып кеткен 

Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінің билеттері үш минутта сатылып кеткен 

UFC229 турнирінің шеңберінде өтетін ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Коннор Макгрегор арасындағы жекпе-жектің билеттері үш минуттың ішінде сатылып кеткен, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Dublin Live басылымына сілтеме жасап. UFC тамыздың басында Нурмагомедов пен Макгрегор арасындағы жекпе-жектің 6 қазанда Лас-Вегас қаласында (АҚШ) өтетінін хабарлады. Ресейлік боксшы жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы деген белдігін қорғайды. Билеттердің құны 205-2505 доллар аралығында. Турнир өтетін аренада 20 мың адамға орын бар.  Айта кетейік, Нурмагомедов 26 кездесу өткізіп, 26 рет жеңіске жеткен. Ол - жеңіл салмақта UFC чемпионы. Макгрегор - жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы. Оның қоржынында 21 жеңіс пен үш жеңіліс бар.

tengrinews.kz