Жаһан

Астананың ауа райы салқын болғанымен, халықтың ықыласы ыстық - Колумбия делегациясының жетекшісі

Астананың ауа райы салқын болғанымен, халықтың ықыласы ыстық - Колумбия делегациясының жетекшісі

«Астананың ауа райы қоңыр салқын болғанымен, халқының ықыласы ыстық». Мұндай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне физикадан өткен 45-ші Халықаралық олимпиадаға Колумбия делегациясын бастап келген Фернандо Вега Сала айтты. «Соңғы күндері бұлтты, желді болған Астана ауа-райына қатысты көпшілігі табиғаттың қаталдығын айтып жатыр. Әсіресе, тропикалық елден келген қонақтар мұны бірден байқады, соның ішінде колумбиялықтар да бар. Бірақ, сіздің халықтың қонақжайлылығындай асқан ыстық ықыласты көргенімз жоқ. Сіздің халық ашық жарқын көңілімен ерекше екен. Біз дән ризамыз», - деді Колумбия делегациясының жетекшісі. Сонымен қатар, ол Астананың сәулетті ғимараттарына таңданысын жасыра алмады. «Сіздер жаңа қала салғансыздар, бұл құрмет тұтуға лайық», - деді қонақ өз сөзінде. Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында физикадан өткен 45-ші Халықаралық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 8 орынға тұрақтады. Қазақстандық қатысушылар 3 алтын (Амир Бралин, Нұрислам Тұрсынбек, Иса Данат), 2 күміс (Дәулет Құрмантаев, Нұрбек Дінмұхаммед) еншіледі. Жалпыкомандалық есепте Қытай, Тайвань, Оңтүстік Корея жүлделі орындардан көрінді.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz