Спорт және туризм

Илья Ильин күмісті қанағат тұтты

Илья Ильин күмісті қанағат тұтты

Алматы қаласында белгілі ауыр атлет Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан турнир өтіп, оған Ұлттық құрама сапындағы көптеген спортшылар қатысты. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де Алматыдағы турнирде бақ сынаған болатын. Сыр өңірінің спортшысы бұл жолы чемпиондық тұғырға көтеріле алмады. Илья жарыста 105 келі салмақта тұңғыш рет бақ сынап, күмісті қанағат тұтты. Жаңа салмақ оның оң жамбасына келмегенге ұқсайды. Ол жалпы алғанда 424 келіні бағындырды. Алтын медаль Ибрагим Берсановқа бұйырды. Алдағы уақытта ол жаңа салмағында да жеңімпаз тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz