Жаңалықтар

Мен мөп-мөлдір қалпымды сақтап қаламын

Мен мөп-мөлдір қалпымды сақтап қаламын

Жұлдыз Бейсек. Мың сындырдың, мың құлаттың, лақтырдың, Ащысынан тағдырымның таттырдың. Лапылдаған алау оттың ішіне, Сені де алып кетейін деп шақ тұрмын. Әуре болма жұқпас маған күл, күйе, Биік тұрып күртешеңді сілкіле. Мен қайғымнан мөлдір өлең жасап ап, Жас жұтып-ақ шапан жабам күлкіме. Аязыңнан жан дірілдеп, үссем де, Кірпігімнен моншақ, жоқ мұз үзсем де. Мен мөп-мөлдір қалпымды сақтап қаламын, Лай-батпаққа етпетімнен түссем де. Тіршілікпен қайнамаған сор ең де, Сорымды еміп, не жазғанын көрем де! Ақ қауырсын – сөздеріммен пыр етіп, Ұшып кетем, мендік мекен – төбеңде. Талас ауданы.