Жаңалықтар

Қазақтың тұңғыш қаржы министрі

Қазақтың тұңғыш қаржы министрі

Қытай Халық Республикасының құрамындағы Шынжаң өлкесінде, өткен ғасырда тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құру жолында өлімге бас тігіп, отаршыл-әкімшіл күштерге қарсы ұлт-азаттық күресін жүргізген қазақ қаһарманы Осман батырмен тағдырлас тұлға Қажы Жанымқан Тілеубайұлы 1951 жылы, 4 сәуір күні Үрімші қаласында атылды. Ал Оспан батыр болса, 25 күннен кейін 29 сәуір күні атылған еді. Жанымхан Тілеубайұлы 1946 жылы құрылған Шынжан Өлкелік үкіметінде қаржы министрі болып, сол үкіметте қызмет атқарған 1946-1949 жылдары арасында көптеген қағаз ақшаға төте әріппен “Жанымхан” деп қолын қойған еді. Бұл қазақ тарихында заманауи ақшада қолы болған тұңғыш қазақ қаржы министрі.  width=  width=