Спорт және туризм

Қазақстандық футбол клубтарының УЕФА-дағы рейтингі көтерілді

Қазақстандық футбол клубтарының УЕФА-дағы рейтингі көтерілді

Еурокубок класификациясындағы жеңісті ойындары нәтижесінде қазақстандық футбол командалары "Ақтөбе", "Астана", алматылық "Кайрат" және қарағандылық "Шахтер" УЕФА-ның клубтық рейтингінде өз көрсеткіштерін жақсартты. Ең алдымен астаналық клубтың жолы болды. Өткен жылмен салыстырғанда ол 45 орынға көтеріліп, қазір 358-ші орында. Былтырғы жылы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен "Шахтер" 26 сатыға көтеріліп, 220-сыншы орынды иеленді. Ал "Қайрат" тізімнің 370-інші орнына жайғасты. Чемпиондар лигасында күш сынап жатқан "Ақтөбе" УЕФА-ның клубтық рейтингінде 17 сатыға жоғарылап, 179-ыншы орынға табан тіреді. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде 32 орынға көтеріліп, Грузия мен Малдованы артта қалдырды.   Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz