Жаңалықтар

Түркістан облысында басшысымен бірге банк тонаған қызметкерлер ұсталды

Түркістан облысында басшысымен бірге банк тонаған қызметкерлер ұсталды

Түркістан облысында банкті тонаған банк қызметкелерінің қылмысы әшкере болды. Салымшылардың ақшасын жымқырған қаржыгерлер қылмыстық топ құрып, 120 000 000 теңгені қаржыны қолды еткен деп хабарлайды өңірдегі

Депозиттен ақша жымқырғандар Мақтарал ауданындағы Халық банкінде жұмыс істеген. Салымшылардың ақшасын ұрлағандар арнайы қылмыстық топ құрып, ұжым болып арам ойын іске асырыпты.

Қылмыскерлердің арасында банк басшысы да бар. Қол астындағы қызметкерлермен сөз байласқан банк басшысы салымшылардың ақшасын оңай жолмен қолды еткен.

Тергеу барысында анықталғандай, бұл іске қатысы бар бес қызметкердің кінәсі дәлелденіп, олар үш жыл қатарынан Халық банкіне ақша құйған салымшыларды қаржысын ұрлап келіпті.

Полицейлер 5 банк қызметкерінің кінәсін толық дәлелдеп шықты. Олардың барлығы да алдын-ала сөз байласып, қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырып отырған.

Банкті тонаған банк қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені үшін Үкібаев Әжібек пен Сауранбаев Талғат 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ал, Алтенов Сакен, Қалибаева Бақтыгүл және Айтөреева Айшолпанға сот шартты түрде жазалар тағайындады.