Мойынқұм
Мойынқұм
Күшаман ауылындағы Аманкелді орта мектебінің қазандығы тозып, жылу жүйелері істен шыққан болатын. Биыл бюджеттен бөлінген 41 миллион теңгеге осы істің орайы келетін болды. Қазір «Арқантас» ЖШС қазандық пен жылу жүйелерін қайта конструкциялау жұмыстарын қолға алып, іске кірісті. Құрылысқа ауылдың жұмыссыз жастары тартылады.