Жаңалықтар

Жайнамазды тепкен тараздық жаттықтырушы жұмыстан босатылды

Жайнамазды тепкен тараздық жаттықтырушы жұмыстан босатылды

Тараз қаласындағы "Атлетик" спорт кешенінде орын алған келеңсіз жағдай өз шешімін тапты. Намаз оқыған балаларға боқтық сөздерін жаудырып, жайнамазды тепкен жаттықтырушы жұмыстан қуылып тынды деп хабарлйды ҚазАқпаратқа

Бұған дейін Instagram əлеуметтік желісіндегі @Taraz_life парақшасында намаз оқып жатқан жеткіншектерді балағаттаған мұғалімнің видеосы тараған.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша жұмыс жүргізіліп, видеодағы футбол бөлімінің жаттықтырушысы Алмат Баетов Сейтнасимұлы екені анықталған.

33 жылдық тəжірибесі бар жоғарғы санатты жаттықтырушы облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында 2011 жылдан бастап жұмыс атқаруда.

Баетовтың іс-əрекеті педагогикалық тəрбиеге сай келмегендіктен жұмыстан босатылған.

nur.kz