Басты жаңалық

Әлемдегі ең бай адам анықталды

The final spritzer

Әлемдегі ең бай адам анықталды

Мексикалық миллиардер Карлос Слим жер бетіндегі ең бай адам деп саналады. Оның қазынасы 79,6 миллиард долларға бағаланған. Бұл осыған дейін байлардың көшін бастаған Билл Гейтстің (79,1 миллиард доллар) қазынасынан 500 миллион долларға көп. Бұған Слимнің Мексикадағы телекоммуникация саласында негізгі орынды алатын America Movil компаниясы активі құнының өсуі себеп болған. Telmex және Telcel мобильді операторлары активтерінің бөлінуі туралы хабар тарағанда акция бағасы көтерілген. Мексиканың жаңа заңнамасының талаптары осындай – бір операторға байланыс нарығының 50%-дан артық мөлшерін иемденуге тыйым салынады. Интернет материалдары негізінде әзірленді.