Чемпионат кезінде дүниеге келген 200-ге жуық нәрестеге Мессидің есімі қойылды
Чемпионат кезінде дүниеге келген 200-ге жуық нәрестеге Мессидің есімі қойылды
Бразилияда футболдан өткен әлем чемпионаты кезінде жарық дүние есігін ашқан аргентиналық 200-ге жуық сәби Мессидің құрметіне аталды.
Тіпті, аргентиналық құраманың Германия командасынан жеңіліп қалуы да олардың жанкүйерлерінің сағын сындырмады. Бұл елде өз футболшыларына қолдау көрсету мақсатында жаңа туған нәрестелерге олардың есімдерін беру дәстүрге айналған. Биыл құраманың оныншы нөмірлі ойыншысы Лионель Мессидің есімі аса танымал болып отыр. Елдегі ірі провинция Буэнос-Айрес пен ел астанасында чемпионат кезінде шамамен 100 Линонель мен 90 Леонелия туған. Сондай-ақ Аргентина құрамасының басқа да ойыншылары жанкүйерлерінің назарынан тыс қалмады. Гонсало, Хавьер және Серхио есімді балалар саны да арта түскен.