Басты жаңалық

Қазақстан 2016 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2016 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2016 жылдың ақпанында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізеді. Бұл қазақстандық бокстың тағы бір кезекті жеңісі.

«Ыстамбұлда АИБА Халықаралық бокс қауымдастығының Атқарушы комитеті бұған дейін таныстырылымы жасалған Қазақстанның әлем біріншілігін өткізу туралы өтінімін мақұлдады. Әлемде танымалдылығы шапшаң артып отырған спорт түрінен әлем чемпионатын өткізуге бізден бөлек Қытай, Англия, Ресей секілді мемлекеттер ниет танытып, олардың әрқайсысы Қазақстан үшін мықты бәсекелес болған еді. Алайда, АИБА атқарушы комитетінің мүшелері қазақстандық таныстырылымға тәнті болып, 20 дауыстың 18-і біздің еншімізге түссе, 2-еуін Қытай иеленді», — делінген баспасөз хабарында. Бұл әлем чемпионатында Риода өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.