Жаңалықтар

Бішкекте ресейлік кәсіпкерге қастандық жасалды

Бішкекте ресейлік кәсіпкерге қастандық жасалды

Бішкек полициясы ресейлік азаматқа әлдекімдер бомба жарып, шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, 10 тамызда қала орталығының тұрғындары жарылыс болғанын хабарлаған. Төтенше оқиға болған жерді полиция қоршауға алған. Жергілікті бірнеше БАҚ полицияға сілтеме жасап, қастандық жасаушылардың ресейлік кәсіпкер Александр Гайдуковты нысана етіп, қорқытпақ болғанын жазды. Бішкек билігі ресми мәлімдеме жариялаған жоқ. Дәрігерлер Гайдуковты ауруханада бірнеше сағат ұстап, аяғы мен қолына түскен жеңіл жарақатты емдегендерін айтты. 2016 жылы дәл осы ауданда Гайдуковқа екі рет оқ атылған. Ол кезде қастандық жасаушы табылмаған еді.