Саясат

Тағайындау

Тағайындау

20Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 229-к өкімімен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Мейірхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин тағайындалды.

М. Сатыбалдин 1956 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1980 жылы қазақтың С. М. Киров атындағы мемлекеттік университетін «Құқықтану. Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 1981-2006 жылдар аралығында Жамбыл облысы прокуратурасында тергеушіден бастап облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болды. 2008-2012 жылдар аралығында ҚР Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары ҚР Әділет министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет жолын жалғастырған.