Жаңалықтар

Қазақстанда жер сілкінді

Қазақстанда жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 9 тамызда Алматы уақытымен 14 сағат 44 минут 43 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 185 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында тіркелді. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.4. MPV магнитудасы - 3.6, ошағының тереңдігі - 0-5 км», - делінген хабарламада.

Жер дүмпуі Алматы облысының Қоңырөлең ауылында 2 балл болған.

 

kazinform.kz