- Advertisement -

«Ахмедов — АҚШ-қа келген қазақстандық боксшылардың ең мықтысы» — BoxRec маманы 

376

- Advertisement -

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Али Ахмедовтың кезекті жеңісіне шетелдік журналистер тәнті болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 23 жастағы Ахмедов Hollywood Fight Nights 2 бокс кешінде өзінен он жас үлкен Хорхе Эскалантемен (9-1-1, 6 КО) жұдырықтасты. Кездесудің бірінші раундынан бастап Ахмедов басымдыққа ие болып, белсенді түрде қарсыласына шабуыл жасаумен болды. Көбірек қорғаныста болған Эскаланте кейде контршабуыл жасап тұрды. Үшінші раундтың соңында қазақстандық боксшы бірнеше соққы жұмсап, америкалықты нокдаунға түсірді. Эскаланені гонг құтқарып қалды. Төртінші раундта отандасымыз Эскалантені нокаутқа түсірді.

Осылайша Ахмедов 12 жекпе-жекте 12-ші жеңісіне қол жеткізді, оның тоғызын мерзімінен бұрын жеңді. Эскаланте болса спорттық мансабында екінші мәрте тізе бүкті.

Бұл жекпе-жекке қазақстандық боксшы Big Bear лагерінде Геннадий Головкинмен бірге дайындалды. Ахмедовтың бұрышында бапкер ретінде Абель Санчес пен Максим Головкин (GGG ағасы) отырды.

UCNLive.com журналисі Райан Скалия бүгін өткен жекпе-жекте Ахмедовтың Головкин әдіс-тәсілдерінен бірдемелерді қолданғанын байқағанын айтады.

«Али қарсыластарын бұданда жақсы ұрған. Бұл жаңа бапкерге үйренісу және сегіз ай тұрып қалғаннан кейінгі бірінші жекпе-жек. Ол GGG техникасын қолданғысы келетіні айқын көрініп тұр», — деп жазыл Скалия Twitter желісіндегі парақшасында.

 

Оның әріптесі Майк Бака қазақстандық боксшының шаршы алаңда тек қорғаныста болғанын айтып, нокдауннан кейін жұдырықтасқысы келмгенін айтады

 

Өз кезегінде боксшылардың нәтижелері BoxRec сайтында жазылуын бақылап отыратын Грей Джонсон Ахмедовты АҚШ келген қазақстандықтар арасындағы ең мықты деп атады.

«Қазақстаннан АҚШ-қа келген боксшылардың арасында мені көбірек таңғалдырған Ахмедов болды», — деп жазды ол.

tengrinews.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support