Шымшыма
Шымшыма
«Маған сырты да жетеді»
«Жасаған күнәң көп, саған пейіштің ішінен орын жоқ», – деген біреуге Батырша: «Маған пейіштің сырты да жетеді», – депті шімірікпестен.
«Қараңғы болса, болды да»
Ораза кезі болса керек, үй-іші сәресі де ұйықтап қалыпты. Сонда Батырша: «Терезені қараңғылап қойып, сәресіні іше беріңдер» деген екен өзінше тапқырлық танытып.
Кәдірхан Баққараев.