Жаңалықтар

«Айран бар, пайран жоқ»

«Айран бар, пайран жоқ»

Ілгеріде аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінің тілшісі Тұрар Кенжетаев «Талас» совхозының Ақсайдағы мал жайылымын аралап жүріп, бір қойшының үйіне келіп түседі. Қасында фототілші Үлгібай Райымов бар. Шіліңгір шілде, күн күйіп тұр. Шөлден аузы құрғаған Тұрар қойшының әйеліне: – Қарағым, қаталап өліп барамыз, үйде айран-пайраның бар ма? – дейді. Сонда әлгі әйел қулана: – Ағайлар, үйде айран бар, пайран жоқ, – деген екен.