Жаңалықтар

Мәні өзгерген мақалдар мен сәні бөлек «нахалдар»

Мәні өзгерген мақалдар мен сәні бөлек «нахалдар»

Саудагерге сенбе, Алдауы оңай. Сау жүрмін деме, Ауырарың оңай! * * * Зиялы адам – қамқор болады. Зұлым адам – жемқор болады! * * * Көл құрақсыз болса, Пана болмас! Қатын тұрақсыз болса, Ана болмас! * * * Малдың ұрысы далада жүреді, Ақшаның ұрысы қалада жүреді. * * * Қатының қашаған болса, Жатқан жерің ошаған болар! * * * Көп ауырған мүрдеге түседі, Көп жымқырған түрмеге түседі. * * * Үйдегі тышқан малтаға жүгіреді, Үйренген қол қалтаға жүгіреді. * * * – Жей бермесей, Жегенің желкеңнен шығады ғой!

– Желкемнен шыққанша Шетелге зытамын ғой! * * * Қызметің өссе, Ішің де өседі, Күшің де өседі! * * * Біреуге мін тақпа, Өзіңде мін жоқ па?! * * * – Сені сүйемін! – Әй, қойшы! Сүйіп біттің ғой, Басқа байға тиемін!.. * * * Тегін тапқан ақша, Текке кетеді! * * * Арамза адам елді бүлдіреді, Арам шөп жерді бүлдіреді. * * * Өлетін қой қыста құрттайды, Өлетін сарбаз күзетте ұйықтайды. * * * – Неге жейсің? – Сенікі емес қой! – Енді кімдікі? – Елдікі!

2Манан Оспанұлы.

Тараз қаласы.