- Advertisement -

Есірткі сатып баюды ойлағандардың арам ойы орындалмады

1 251

- Advertisement -

Қоғамда жеңіл жолмен ақша табуға әуестенгендердің қатары көп. Бірі тонаумен айналысса, енді бірі кісінің малын ұрлайды немесе тағы сол сияқты ұсақ қылмыстар жасайды. Осындай есер қылықты – есті ұрпақтың ісі деуге келмес, сірә. Олар ойланбастан заң бұзады, өз әрекеттерінің салдары неге әкелуі мүмкін екендігін де ойланып жатпайды. Әсіресе, есірткі саудасымен айналысатындар сондай. Тұтастай бір ұлттың, әсіресе жастардың азғындық жолға түсуге итермелеп жүргенін бағамдай да бермейді.
Сондай бір топ 27 шілдеде облыстық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері өткізген «Көкнар – 2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Тараз қаласында героинді сақтап, сатумен айналысатын қылмыстық топ қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Арнайы мәлімдемеге сүйенсек, құрықталған топтың құрамында облыс орталығының бұрын сотты болған үш тұрғыны болған екен, олардың екеуінің отбасы, балалары бар.
Тәртіп сақшылары күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізіп, 383 грамм героин мен 20 грамм «гашиш» есірткі заттарын тәркілеген.
Сонымен қатар «Көкнар – 2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шу ауданының Тайсойған құмды аймағынан 10 шақырым қашықтықта осы аудандағы Абай ауылының 39 жасар тұрғыны есірткі затын дайындау кезінде ұсталған. Ол салмағы 323 келі болатын үлкен алты сөмкедегі кептірілген марихуана есірткі затын сақтаған. Ұсталған азамат бұрын сотталмаған.
Меркі ауданында да осындай жаға ұстатарлық жағдай орын алып отыр. Құмды аумақтан 23 шақырым қашықтықта бұрын сотты болмаған 38 жастағы аудан тұрғыны құрықталды. Тінту барысында жалпы салмағы 38,8 келі үш полипропилен қапқа салынған марихуана есірткі заты табылып, тәркіленген. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Қазір ол аудандық ішкі істер бөлімінде уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Жалпы шара барысында қолға түскен азаматтардың барлығы кінәларын толық мойындап отыр. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support