Халал тағамды 1 минут ішінде анықтайтын құрылғы жасалуда
Халал тағамды 1 минут ішінде анықтайтын құрылғы жасалуда
Малайзияда азық-түлік құрамын халал стандартына сәйкесетіндігін жылдам тексеретін құрылғы жасауда.
Селангора университеті ғалымдары қолға алған құрылғы ел тұтынатын өнімдер, косметика мен дәрілердің құрамын анықтайтын болады.
Нано-сенсорлық технология көмегі арқылы бұл аппарат өнімнен ислам шариғаты тыйым салған заттардың ең аз деген - 0,001% болса да анықтай алады.
Нарықта осы тектес аппарат бұдан алдын енгізілгенімен, университет ректорының орынбасары доктор Ануар Ахмад соңғы үлгідегі құрылғы - жоғары технология, сондай-ақ нақты анықтайды дейді. Ал жаңа аппарат 2015 жылдың желтоқсанына дейін нарыққа шығады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz