Басты жаңалық

Филиппинде «Раммасун» тайфуны соқты

Филиппинде «Раммасун» тайфуны соқты

Филиппин жағалауында «Раммасун» тайфуны соғып, нөсер жауын жауып, күшті жел тұрды. Әзірге бір адамның қаза болғаны хабарланды.

Филиппиндегі Қызыл крест ұйымы тайфун туралы хабар жеткен соң тұрғындар үйлерін тастап, алдын ала қауіпсіз жерге кеткенін мәлімдеді. Солтүстік провинциялардағы арнайы орындарға 180 мыңнан астам адам жеткізілген. Өткен жылы «Хайян» тайфунынан Филиппинде 6 мың адам қаза тапқаны ресми түрде жарияланды. Әлі де 1800-ге жуық адам із-түссіз кеткендер санатында.