Роттердамда әлемдегі ең үлкен кеме салынады
Роттердамда әлемдегі ең үлкен кеме салынады
Әлемдегі ең үлкен кеме Pieter Schelte Роттердамда (Нидерланды) салынады. Кеме иесі және құрастырушысы Allseas және Роттердам портының әкімшілігі тиісті келісімшартқа қол қойды.
Порт әкімшілігінен хабарлағандай, Pieter Schelte осы жылдың соңында Роттердамға әкелінуі тиіс. Соңғы құрастыру жұмыстары Маасвлакт ішкі су қоймасындағы Алексиахафенде жүзеге аспақ. Pieter Schelte ұзындығы 382 метрді, ені – 124 метрді құрайды. Кеменің жоғарғы бөлігі 48 мың тонна, ал тіректері 25 мың тоннаға дейінгі жүкті көтере алады.