ҚХР мен Вьетнам шекарасында мұнай және газ кен орны табылды
ҚХР мен Вьетнам шекарасында мұнай және газ кен орны табылды
Қытай мұнайшылары Парасель аралдарымен арадағы даулы шекарада мұнай және газ кен орнын тапты. ҚХР Ұлттық мұнайгаз корпорациясы жиналған деректерді сараптай келе, оны өндіру жолдарын қарастырмақ.
Пекин билігі платформаның толығымен Қытай аумағында екенін айтады. Қазір Парасель аралдарында орналасқан кен орнынан пайда көруге Қытай, Вьетнам, Малайзия, Филиппин және Бруней үмітті. Қытай үкіметі бұл аудандағы кез келген мемлекет немесе компанияның оның рұқсатынсыз кен орнына қол сұғуға құқығы жоқ деп ескертіп отыр.