Метродағы апатқа байланысты Мәскеуде аза тұту күні жарияланды
Метродағы апатқа байланысты Мәскеуде аза тұту күні жарияланды
Мәскеуде 20-дан аса адамның өмірін қиған метродағы апатқа байланысты 16 шілде – аза тұту күні болып жарияланды. Бұл қаза болғандар саны жағынан 79 жылдық тарихы бар Мәскеу метрополитеніндегі ең ірі апат болып отыр.
16 шілде күні қала бойынша тулар төмен түсіріліп, мәскеулік мәдени орындарда барлық көңіл көтеру бағдарламалары тоқтатылды. Бірқатар клубтар мен мейрамханалар осы шараға байланысты дәстүрлі кешкі бағдарламаларын өзгертуде. Ресей астанасының барлық шіркеулерінде қайғылы апатта қаза болғандардың рухына және аман қалғандардың дендеріне саулық тілеу үшін дұға оқылды. Сондай-ақ, қалалық және федералдық телеарналар да аза тұту күні көңіл көтеру бағдарламаларын көрсетуден бас тартып отыр.