Саясат

«Сәтті қадам» партиялық жобасы бойынша жастар іс-тәжірибесі туралы ереже

«Сәтті қадам» партиялық жобасы бойынша жастар іс-тәжірибесі туралы ереже

Жобаның негізгі мақсаты:

• Түлектерге Қазақстанның жетекші ұйымдарынан іс-тәжірибеден өту арқылы қызмет етуді бастауына мүмкіндік беру; • Кәсіби кадрларды даярлау үшін қолайлы жағдай тудыру; • ЖОО алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту; • Жұмыс берушілер мен ЖОО түлектері арасында шығармашылық байланыс пен мәдени байланысты бекіту және кеңейту.

Жобаның негізгі міндеттері:

• Жоба қатысушылары үшін Қазақстан Республикасындағы ірі өндірістік мекемелерде, ұлттық компанияларда және мемлекеттік органдарда іс-тәжірибеден өтулерін ұйымдастыру; • Іс-тәжірибе аяқталған соң жоба қатысушылары арасында сауалнама жүргізу; • Жоба қатысушыларына кәсіби біліктілігін көтеріп, өздерін дамытуға мүмкіндік беру; • Белсенді әрі талантты жастарды біріктіру;

Жобаның қатысушысы болып:

18 бен 29 жас аралығындағы ҚР азаматы, ЖОО түлектері; Жоба қатысушылары келесідей құжаттарды өткізуі қажет: Түйіндеме, Құжаттар zhambyl@zhasotan.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. Дипломдары мен марапат қағаздарының көшірмесі (әңгімелесу кезінде).

Жобаға қатысушылар арасында іріктеу өткізудің сатылары:

Ұйымдастырушы ЖОО түлегін іс-тәжірибеден өткізу туралы ақпараттандырады; Бекітілген мерзім ішінде құжаттар қабылдау жүргізіледі; Қажетті мамандықтар бойынша түйіндемелерді іріктеу; Қажетті құжаттарды өткізген Жоба қатысушысы әңгімелесуге жіберіледі.

Әңгімелесу тәртібі:

Әңгімелесу Комиссиямен Жобаға қатысушының жеке сұхбаттасуы түрінде жүреді; Әңгімелесуден соң Жоба қатысушылары бағыттары бойынша бөлінеді (мамандықтары және ұйымдар) Әңгімелесуден соң Жоба қатысушыларына мінездеме беріледі.

Түйіндеме 25 шілде – 25 тамыз аралығында zhambyl@zhasotan.kz электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.