Саясат

Онлайн тексеру жүйесі алаяқтықтың алдын алады

Онлайн тексеру жүйесі алаяқтықтың алдын алады

Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйытқы болуымен азаматтардың мемлекеттік органдардағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурстарға қатысу кезіндегі алаяқтық жағдайларын болдырмау мақсатында сертификаттарды онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енгізіліп отыр. Агенттіктің www.kyzmet.qov.kz сайтында, «Тестілеу» айдарының «Тестілеу нәтижелері» бөліміне азаматтың ЖСН-ін енгізгенде арнайы бағдарлама оның ТАӘ, тестілеуден өткен күнін, «Өтті/Өтпеді» деген мәртебесін, лауазымның санатын және тест тапсырған өңірін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарды осы бағдарламаның жұмысы жөнінде хабардар етті. Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) өздерінің міндеттерін атқару барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы сертификаттың түпнұсқалылығын тексеруге міндетті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.