Экономика

7 миллиард 507 миллион теңге бөлінді

7 миллиард 507 миллион теңге бөлінді

Қазірге дейін оның 1,5 миллиардқа жуық теңгесі игерілді

Елімізді бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосуда автомобиль жолдары саласын дамытудың маңызы орасан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен бұл салаға жыл сайын қыруар қаражат бөлінуде. Облысымызда да бұл бағытта елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде аймақтағы жергілікті мәндегі жолдың дені қалпына келтірілді. Облысымызды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2015 жылға дейін жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 80 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

 src=Аймақта жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 4159 шақырымды құрайды. Оның 2241 шақырымы – облыстық, ал, 1918 шақырымы аудандық маңыздағы автожол. Үстіміздегі жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға бюджеттен 7 миллиард 507 миллион теңге қарастырылды. Оның 1 миллиард 683 миллион теңгесі – республикалық, 4 миллиард 991 миллион теңгесі – облыстық және 833 миллион теңгесі аудандық бюджеттерден. Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты жалпы ұзындығы 2241 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға 2,6 миллиард теңге қарастырылған. 

Биыл бөлінген 126 миллион теңгеге 8,8 шақырым жол – күрделі, 2 миллиард теңгеге 112 шақырым жол мен 4 жасанды ғимараттар – орташа және 524 миллион теңгеге автожолдар ағымды жөндеуден өткізіледі. Бұл жұмысты жүргізуге 14 мердігер ұйымы тартылған. Осы мерзімде облыстық мәндегі барлық автожолдарда су өткізгіш құбырлары мен оның арналарын қоқыстан тазалау, жолдың бойындағы белгілерді әктеу, сырлау және жол жиегін тегістеу мен жабайы өсімдіктерден тазарту, өртке қарсы минералданған жолақты жырту жұмысы 100 пайызға еңсерілді. Шұңқырларды жою жұмысы аяқталып келеді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазірге дейін мердігер мекемелер 78940 шаршы метр шұңқырлықты жөндеді, 181 дана жол белгілері жаңасымен ауыстырылды, 198 дана белгі беру бағаналары, 42 қума метр жол бойы қоршаулары және 60 қума метр көпір қоршаулары орнатылды. Еліміз тәуелсіздік алған кезде облысымызда тұңғыш рет ұзындығы 28,8 шақырым «Қаракемер-Қарасай» автомобиль жолы салынған болатын. Қарасайлықтардың өтініші бойынша 2012 жылы оны күрделі жөндеу қолға алынды. Осынау жауапты жұмыс облыстағы ірі әрі әлеуетті компанияның бірі – «Инвест компания mk» ЖШС-на жүктелді. Сәтбай Қожамқұлов жетекшілік ететін компания бұл жұмысты көңілдегідей атқаруда. Былтыр олар 25,3 шақырымда күрделі жөндеу жүргізсе, қалған 3,5 шақырымды биыл толық аяқтайтын болады. Бұған қоса облыс аумағында 17 нысанда орта жөндеу жұмысы жүргізілуде. «Жамбылдормостстройсервис» ЖШС «Мырзатай-Сарыкемер» автомобиль жолының 0-8,95 шақырымын, «Құлан жолдары» «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының 54-76 шақырымын, «Таразкөлікжолы» «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының 76-95 шақырымын орта жөндеуден өткізуде. Мердігерлердің бұл істе жинақтаған тәжірибесі мол. «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолында 95-115 шақырымда «Инвест компания mk», «Оразалы батыр-Көкқайнар» автомобиль жолын 0-11 шақырымында «Рауан», «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолының 23-28 шақырымында «Армстрой», «Төле би-Шоқпар» автомобиль жолында 15-30 шақырымда «Құлан жолдары», «Отар-Сұлутөр-Көктөбе» автомобиль жолының 42-59,2 шақырымында «Инвест компания mk» ЖШС орташа жөндеу жұмысын талапқа сай жүргізуге күш салуда. «Аяда груп» ЖШС «Луговая стансасы-Қорағаты-Тәтті» автомобиль жолының 0-21 шақырымында және «Луговая стансасы-Қорағаты-Тәтті» автомобиль жолының 21-43 шақырымында, «Армстрой» ЖШС «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолының 176-186 шақырымында, «Жамбылжол» ЖШС «Кемер – Бірлік-үстем – 0-1,7 шақырымды орташа жөндеумен қамтуда. «Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автомобиль жолының 61+700 шақырымында, «Бурыл-Құмжота» автомобиль жолының 1+240 шақырымында, «Бурыл-Құмжота» автомобиль жолының 1+250 шақырымында және «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автомобиль жолының 50+700 шақырымында су өткізу құбырлары тартылуда. Бұл жұмыстармен «Рәтбек», «Рауан», «Жамбылдормостстройсервис» және «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысуда. Мердігерлер қазірге дейін 1,5 миллиардқа жуық теңгенің жұмысын игерді. Барлық жерде де жұмыс сапасы басты назарда. Әрбір нысанға авторлық және техникалық қадағалаушылар бекітілген. Олар күнделікті нысан басынан табылып, кемшіліктерді шұғыл жоюға күш салуда. Сондай-ақ, 2006 жылдан бастап, Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті тарапынан ашылған «Жамбылжолзертхана» мемлекеттік мекемесінен барлық қолданылып жатқан құрылыс материалдары мен орындалған жұмыс сапасын растайтын сараптама-қорытындылар алынуда. Сараптама нәтижесіне қарай салынған жол қабаттарына қалыңдығы мен ендеріне өлшеу жүргізіліп, жобаға сәйкестіктері анықталып отырады. Мердігер компаниялар қажетті жұмыс күшімен толық қамтылған. Техника да жеткілікті. Қазір олар уақытпан санаспай еңбек етіп, белгіленген тапсырманы кестеге сәйкес орындау үшін барлық мүмкіндіктерін жұмылдыруда. Жол жөндеу жұмыстары аяқталған кезде облыс тұрғындары мен шеттен келген жолаушылар діттеген жерлеріне тақтайдай тегіс, жайлы жолдармен алаңсыз қатынайтын болады.

Бекежан Мамажанов, облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.