Мәдениет

Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында«Әлия» әнін орындайды

Әлішер Кәрімов «Жаңа толқын-2014» байқауында«Әлия» әнін орындайды

Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов XIII жас әншілердің халықаралық «Жаңа толқын-2014»  байқауында 3 ән орындайды, олардың бірі - «Әлия», деп жазылған байқаудың ресми сайтында.

Бүгінде қатысушылардың барлығы Юрмалаға келіп, дайындықтарына кірісіп кетті. 23 шілдеде өтетін байқаудың алғашқы күнінде олар көрермен назарына әлемдік хитті ұсынады. 24 шілдеде өз елдеріндегі танымал әндерді орындайды. Ал үшінші күні, 26 шілдеде, айтылмаған әндерін шырқайды.

«Байқау үшін репертуарды таңдауыма әлемдік өнерге деген махаббат әсер етіп, «Памяти Карузо» туындысын; отаныма, тарихымызға құрмет ретінде - «Әлия» әнін таңдадым; заманмен бірге алға жылжуды үшінші әнімнен көре аласыздар», - дейді Әлішер.

Биыл «Дзинтари» концерттік залдың сахнасында 13 елден келген 16 қатысушы бағын сынайды.

Қазылар алқасының төрағасы - Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой. Байқаудағы қазылар алқасының қатарына: әнші және композитор Игорь Николаев; атақты әнші Лайма Вайкуле; орындаушы және композитор Леонид Агутин; Ресейдің халық әртісі, әнші Валерия; Ресейге еңбегі сіңген әртіс Валерий Меладзе; композитор және продюсер Константин Меладзе; Ресейдің халық әртісі, композитор және продюсер Филипп Киркоров. Өткен жылғы байқауда Қазақстан намысын әнші ADAM қорғаған болатын. 3 күннің қорытындысы бойынша ол 5-орынға ие болған.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz