Жамбылда не жаңалық?

Т. Рысқұлов

Т. Рысқұлов

Аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен М. Өзбеков атындағы Мәдениет үйінде Құран Кәрімді жатқа оқудан аудандық жарыс болып өтті. Шараға 29 үміткер қатысты. Сайыс нәтижесінде 30 аятты жатқа және мәнерлеп оқу бойынша бірінші орынды Гумар Тухватулин (Көгершін ауылы), екінші орынды Қуаныш Түзелбеков (Абай ауылы), үшінші орынды Елдос Райбай (Луговой ауылы) иеленді. 10 аятты жатқа айтқан Ерғали Төлесбаев, Еркебұлан Батырханов, Арман Төреқұлов та марапатталды.