Шу
Шу
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Үміт үйі» қоғамдық бірлестігі Қонаев ауылында қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсету мәселесі бойынша тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Бірлестік мүшелері әлеуметтің аталмыш тобының проблемаларын, ұсыныстарын тыңдап, оларды шешу бойынша өз тараптарынан көмек көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттар берілді, бірқатар тұрғындарға психологиялық көмек ұйымдастырылды. Қоғамның әлсіз топтарына қолұшын созуға аудандағы басқа да қоғамдық бірлестіктер атсалысатын болады.