Саясат

Біздің елге визасыз-ақ келетін болды

Біздің елге визасыз-ақ келетін болды

ол өз кезегінде туризмді дамытуға мүмкіндік береді

Орталық коммуникациялар қызметінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев «10 елге - визасыз тәртіппен» тақырыбында брифинг өткізді.

Енді, заң жобасына сәйкес АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Малайзия, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірлігі, Корея Республикасы және Жапония елдерінің азаматтары 2014 жылғы 15 шілде мен 2015 жылғы 15 шілде аралығында мемлекеттік шекарадан өту кезінде 15 күнге дейін визалық талаптардан босатылады. «Бұл бастама екіжақты байланыстарды нығайтуға, әлеуетті инвесторлар мен шетелдік іскер тұлғаларға жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ елімізге туристер шақыруға бағытталып отыр»,– деді Р. Жошыбаев. Сонымен қатар, Қазақстанда туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Тағы бір жаңалық, елімізде электронды виза жүйесі енгізілмек. Электрондық виза тікелей қарым-қатынассыз, кез-келген мемлекетте қазақстандық виза алуға мүмкіндік береді. Жақында, визалық саясат бойынша арнайы бағдарлама жария етілмек.

Шынар САҒИЕВА,  «Ақ жол».